Жазира Есепханқызы
2018-09-25
Вопрос:Отан - отбасынан басталады Алғаш рет балабақшадағы ата -аналар жиналысына қатыстым. Қаламыздағы № 61 КМҚК «Айгөлек» балабақшасының «Ботақан» тобына барғанына бір ай болған баламның алғашқы жетістіктерін есту, мені қатты қуантты. Ересек топта баланың жан-жақты дамуы үшін методикалық және пәндерге бағытталған жиырмаға жуық тапсырмалар орындалатынын біліп баламды аясамда, «аясаң аяма» деген сөз есіме түсті. Жалпы жиналыстың барысы тақырып аясында кең ашылды. Көп жылдық тәжрибесі бар тәрбиешілер ертеңгіліктердің бала бойындағы қасиеттерді ұштаудағы маңызына тоқталды. Ел ертеңі бүлдіршіндердің ұлттық болмысты бойына сіңіріп өсуіне, ата- аналардың бейжайлық танытпауын сыналап жеткізді. Сонан соң бүгінгі «жұмыс басты әкелердің» жанұядағыбейтараптығы сомдалған видео ролик көрсетілді. Бұлда жиналысқа келген ата- аналарға бала алдындағы жауапкершілікке сына түсіруге болмайтындығын ұғындырды. Осылайша Жанжакина Баян Жұмаханқызы, Бірманова Бақыт Мұхаммедқызы Отан- отбасынынан басталатындығын балаларымызға ғана емес, өзімізге де ұғындырып қайтарды. Балалардың мүддесіне орай балабақша мен ата- ана арасындағы тығыз қарым- қатынасқа негізделген сауалнама толтырылды. Жиналыс соңында бүлдіршіндермен тәрбиешілерге арналған тілектер жазылды. Ата- аналардың бір бірімен танысып емен- жарқын әңгімелесуі үшін тәтті шай ұйымдастырған аналарғада рақмет. Балам деген жұрт болмас -жұртым дейтін бала қайдан шықсын! деп алаш зиялысы тәмсіл қылған үгітті ұстанған « Айгөлек» балабақшасы басшылығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жазира Есепханқызы № 61 «Айгөлек» КМҚК « Ботақан» тобының ата- анасы

 
2
3
4
5
6