Техническая поддержка
909-910
Новости
"Берекелі алтын күз"
Күз - ерекше жыл мезгілі. Біз оны әркелкі атаймыз. Ызғарлы, жомарт, жауынды, алтын күз дейміз. Қандай болса да, бәріміз үшін ерекше тамаша кезең. Бұл мезгілде өнім жинаймыз. Алдағы қысқа даярланамыз. Ерекше түрге енген таңғажайып табиғат та бәрімізді мол әсерге бөлейді. Тіпті қарасаңыз көз тоймайды. Бөбекжайымызда 8 қазаннан 12 қазан аралығында дәстүрлі Алтын күз мерекесі өткізілуде. Әр топқа Күз Ханшайымы қатысып, ертегі кейіпкерлері өз өнерлерін көрсетті. «Күздің сыйы» атты табиғи материалдар мен көкөніс жемістерден түрлі қол өнер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар өздерінің күзгі тақпақ, ән, билерін ата-аналарға ұсынды.
КГКП д/с №7 «Жулдыз»      2018.10.10
ИНТЕРАКТИВНАЯ КАРТА САДОВ