Техническая поддержка
909-910
Новости
Қош келдің, Жаңа Жыл!!!!!
"Қарлығаш" балабақшасында 2018 Жаңа жылдық "Қош келдің, Жаңа Жыл!" атты ертеңгіліктер өтті. Әр топтың ертеңгіліктері ғажайып таңқаларлық қызықтарға толы болды. Тәрбиеленушілеріміз Аяз атаға жаттаған тақпақтарын, дайындаған әсем ән мен әдемі билерін билеп берді. Балаларға арнап ертегілер қойылды, ескі "Тауық" жылын шығарып салып, жаңа "Ит" жылын қарсы алдық. Ертеңгілік балаларға да, көрермендерге де қатты ұнады. Аяз ата ризашылығын білдіріп, жаңа жылдық тілегін айтып, сыйлықтарын таратты. Сонымен қатар, балаларымыз балабақшаның дайындаған арнайы сыйлығына да ие болды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
КГКП д/с «Карлыгаш»      2017.12.29
ИНТЕРАКТИВНАЯ КАРТА САДОВ